Қазақстанда үш тілдік білім беруді енгізу мектеп мұғалімдерін дайындау барысында жалғасын тауып келеді

2017 жылдың 4 қыркүйегінде Білімді жетілдіру орталығы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептерінің «Информатика», «Физика», «Химия» және «Биология» пәндерінен сабақ беретін 4186 мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын бастады.

Үш тілде оқыту – Қазақстаның білім беру жүйесін дамытудың басым бағыты болып табылады. 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019 жылдың 1 қыркүйегінен 10-11 сыныптарда Химия», «Физика», «Биология», «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқыту жоспарланған.

Бұдан бұрын, ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру мақсатында Назарбаев Университетінің базасында және Қазақстанның барлық аймақтарында 2016 жылы 675 және 2017 жылы 829 орта мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

Әрі қарай оқыңыз
Қазақстанда үш тілдік білім беруді енгізу мектеп мұғалімдерін дайындау барысында жалғасын тауып келеді

2017 жылдың 4 қыркүйегінде Білімді жетілдіру орталығы Қазақстан...

толығырақ