28 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ «БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АЛҒА ЖЫЛЖУ – ETS ТЕСТТЕРІ ӨЗ МЕКЕМЕҢІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ ҮШІН»

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Назарбаев Университетінде «Бағалау және алға жылжу –  ETS тесттері өз мекемеңіздің жетістігі үшін» атты конференция өтті.

Конференцияны ETS Global компаниясы Білім беру көшбасшылығы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. ETS Global компаниясы ETS (Білім беру Тестілеу Қызметі) еншілес ұйымы болып табылады, оның міндеті бүкіл әлем бойынша ETS өнімдерін тарату болып табылады.

Конференцияға 100-ге тарта адам қатысты – түрлі аймақтардағы жоғары оқу орындарының өкілдері, жетекші орта мектептер мен басқа да білім беру ұйымдары.

ETS Global (Learning Testing Global) халықаралық компаниясымен әріптестік шеңберінде Назарбаев Университеті Білімді жетілдіру орталығына TOЕIC® тестін жүргізу құқығы берілді, оған 160-тан астам мемлекеттердегі қолдаған және 14 000-нан астам ұйымдар сенеді, TOЕIC® ағылшын тілін бағалау саласында алтын стандарт ретінде белгілі.

TOEIC® тестін білімді тестілеу саласында жаhандық көшбасшы болып табылатын Educational Testing Service (ETS) әзірледі.  TOEIC® жүйесі  іскерлік ағылшын тілі білімін сертификаттау саласындағы алдыңғы қатарлы жүйе болып табылады. 35 жылдан астам уақыт бойы TOEIC® бағдарламасы көшбасшы болып табылады және жұмысқа қажетті ағылшын тілін бағалау дағдыларын дамытады. Бүгінде көптеген компаниялар жұмысқа орналасқанда және одан әрі жоғарылаған кезде ең төменгі TOEIC баллын талап етеді.

ETS Global компаниясының өкілдері халықаралық тестілеуде өз тәжірибесімен бөлісті, әлемдік қауымдастықта TOEIC®-ты қолданудың табысты әңгімелерін айтып, қатысушыларға ықтимал ынтымақтастық моделін ұсынды. Конференцияға қатысқан әртүрлі білім беру ұйымдарының өкілдері әрі қарай табысты байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.

Әрі қарай оқыңыз
Назарбаев Университетінің пәндерді ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы халықаралық сараптамадан сәтімен өтті

Назарбаев Университетініің пәндерді ағылшын тілінде оқыту...

толығырақ

28 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ «БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АЛҒА ЖЫЛЖУ - ETS ТЕСТТЕРІ ӨЗ МЕКЕМЕҢІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ ҮШІН»

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Назарбаев Университетінде «Бағалау...

толығырақ

Назарбаев Университеті «Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасына құжаттарды қабылдауды жариялайды

Назарбаев Университеті «Магистратура бағдарламаларының...

толығырақ