Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы

Бағдарлама туралы

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы (бұдан ары – Университет) 2018-2019 оқу жылында Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (бұдан ары – бағдарлама) тіркелудің ашылғанын хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты магистратура бағдарламалары потенциалды студенттерінің тілдік деңгейін көтеру және Университеттің магистратура бағдарламаларында оқуға қажетті ғылыми, коммуникативтік және басқа да дағдыларды ұштау болып табылады.

Бағдарламаға іріктеуден сәтті өткен үміткерлер мемлекеттік грант иегерлері атанады. Грант оқу құны, айлық шәкіртақы сияқты бағдарламада оқудың басты шығындарын қамтиды. Бағдарлама ұзақтығы 1 академиялық жыл.

Бағдарламаны сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен Университеттің магистратура бағдарламаларының студенттері атанады.

Үміткерлерді тіркеу 8 ақпан 2018 ж. – 30 сәуір 2018 ж.

Онлайн өтінім формасы admissions.nu.edu.kz сайтында қолжетімді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Бағдарламаға түсуге конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі талаптарға сай келуі тиіс:

1)  өтінім тапсыратын нақты магистратура бағдарламасына қабылдау қағидаларының ережелеріне (ағылшын тіліне қойылатын талапты қоспағанда) сай болуы тиіс (төмендегіні оқыңыз)

2) IELTS тесті бойынша жалпы балл – 5,5 болып табылады, бұл ретте тек бір критерий бойынша ғана ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес кем дегенде 5.0 немесе TOEFL-дің балама нәтижесі болуы қажет

Оқу формасы күндізгі
Бағдарламаның басталу күні 2018 жылдың тамызы
Бағдарлама ұзақтығы 1 академиялық жыл
Оқу орны «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы, Астана қ.
Байланыс nuzyp.admissions@nu.edu.kz
Вебсайт www.nu.edu.kz

Мұғалімдер

Сұрақтар мен жауаптар

Өтінім қалдыру

Өтінім қалдыру үшін мында басыңыз.